"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ    "БАЛДЫРҒАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕККЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ- САД "БАЛДЫРҒАН" СЕЛА МАКИНКА ПРИ  ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

30.01.2017

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: «Тіл дамыту», «Қоршаған ортамен танысу», «Жапсыру», Құрастыру.
Тақырыбы: «Ғажайыпстанға саяхат»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге тәрбиелеу. Қысқы киім түрімен таныстыру. Қоршаған ортамен таныстыра отырып, баланың ой - өрісін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, ойын арқылы фонематикалық есту қабілетін дамыту мен саусақ жаттығуы арқылы саусақ ұшының маторикасын дамыту.

Алдын-ала жұмыс: Аққаланы қию
Көрнекілігі: Шана, коньки, шаңғы, аққала, қар суреттері, даладағы қар ыдысқа салу

Қолданылатын заттар: аққаланың қиықтары, желім, қатырма қағаз, сүлгі, плассмас ыдыс.

Мотивациялық қозғаушылық

Жылулуқ шеңбері

Күнге қарап қолымды

1,2,3 деп соғайын

Қарап тұрған көршіме

Мен қолымды бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайынан сипайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтасып алайын.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Балалар бүгін бізде қызықты және ғажайып бір саяхат күтіп тұр. Саяхатқа барғыларың келеді ме?

Біз ғажайып елге саяхатқа немен барамыз?

Дұрыс айтасыңдар, біз бүгін саяхатқа поездбен барамыз.

Поезд туралы кім маған тақпақ айтып береді.

Ендеше ең ұзыны поездің алдында отырады.

Балалар, біз ғажайыпстанға саяхатқа барғанша ойын ойнап барайықшы. Ойын «сымсыз телефон» деп аталады

Мақсаты: Балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Барысы: Жүргізуші бір сөзді көрші баланың құлағына сыбырлап айтады, ол екінші көршісіне сол сөзді құлағына сыбырлап айту қажет. Соңғы ойыншы сөзді қатты дауыстап айтады. қолғап, аққала т.с.с.

Боран дауысы

Балалар бұл ненің дауысы?

Балалар бұл жер өте суық екен!

ал біз қандай киіммен келдік?

Ең суық мезгіл қалай аталады?

Ендеше қыс мезгіліне арналған қалың киімдерді

киуіміз қажет!

Ең бірінші біз нені киеміз?

Денемізге не киеміз?

Балалар ендеше тонды ілгіштен аламыз оны киеміз де түймесін тағамыз.

Енді бізде киілмеген не қалды?

Олай болса қолғаптың сыңарын табамыз да,

олар бір бірінен адасып, жоғалып қалмас

үшін байлап қоямыз.

Ал енді ғажайыпстан елін саяхаттайық.

Қандай тамаша әлем, солай емес пе?

Бұл қандай мезгіл?

Балалар аспаннан не жауып тұр?

Қардың түсі қандай?

Қар суық па, әлде жылы ма?

Балалар қарды ұстап көреді?

Жылы жерде қар не істейді?

Балалар мына үйдің төбесін қараңдаршы

! Шатырда не жатыр?

Үйдің тұрбасынан не шығып жатыр?

Балалар неге түтін шығады?

Дұрыс айтасыңдар, суық кезде, қыс мезгілінде

үйдің іші суып кетпес үшін от жағады!

Қар тағы қай жерде жатыр?

Жердетө мпешік болып жатқан қарды қалай атаймыз?

Балалар қыс мезгілінде қандай ойындар ойнауға болады?

Мына жерден қыс мезгілінде ойнауға болатын

суреттерді тауып беріңдерші?

Балалар рет-ретімен тақтаға шығып суреттерді табады!

Балалар, ғажайыпстанда Али мен Аия сендерге жолдама жіберіпті!

Ол хатында былай деп жазыпты:

Сәлеметсіңдер

ме менің сүйікті достарым! Біз Али мен

Аиямыз. Біз ғажайыпстанда тұрамыз.

Бірақ бүгін біз алыс жаққа қыдырып

кеткен едік. Бізге де апайымыз аққала

жасауды үйреткен еді. Сендерге бейнеролик

тастап кеттік. Бейнероликте біздің

қалай бірінші рет аққала жасағанымызды

көріңдерші. Сендер де біз сияқты аққала

жасай аласыңдар ма?

Балалар

Али мен Аияның қалдырған шағын бейнеролик

көреміз бе? Олар Аққаланы қалай жасайды

екен.

Аққала

жайлы бейнеролик

Балалар,

біз аққала жасай білеміз бе?

Али

мен Аия сияқты аққала емес, біз ерекше

аққала жасаймыз! Солай ма? Балалар ең

алдымен қағаздан аққаланы құрастырып

алайық !

Ұжымдық

жұмыс:

Тақтаға

аққаланы құрастырып алады.

Жеке

жұмыс:

Аққаланы жапсыру

Саусақ

жаттығуы:

Ақ орамалды оң қолымен уысына жинау,

және сол қолының уысына жинау

Сергіту сәті

Томпаң қағып топ бала,

Тұрғызамыз аққала.

Атамызға ұқсайды ол

Орап қойған мақтаға.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалар енді аққаланы тақтаға жапсырамыз?

Мен сендерге сұрақ қояйыншы, кім тез жауап береді екен?

  • Ең сауық мезгіл?
  • Ең жылы киім?
  • Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды?
  • Қыстың айлары?
  • Аққаланы неден жасайды?

Өте жақсы балалар, ендеше мен сендердің аққалаларыңа мынандай көңіл күй сыйлайын!

Қане енді ғажайып әлеммен қоштасайық? Поездға отырады.

Балалар қараңдаршы мына жерде сандықша бар екен.

Ол сандықшаның үстінде хат бар екен? Хат кімнен екен!. оқиықшы!

Достарым біз сендерге өте ризамыз

Біз аққаланы қағаздан жасайтынын білмедік!

Сендер бізге тамаша сыйлық жасадыңдар!

Сол себепті сендерге де біз сыйлық жасап

кеттік! Құрметпен Али мен Аия

Поездан түсейік.

Балалар біз бүгін

қай жерге саяхатқа бардық. Ол жақ қандай

екен? Өте жақсы Балалар, осымен біздің

саяхатымыз аяқталды. Апайларға

сауболыңыздар деп айтып, топқа барамыз!

Күтілетін нәтиже

Біледі

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін

Игереді

Қардың қасиеттерін

Меңгереді Аққаланы

құрастырып, жапсыруды





Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст