"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ    "БАЛДЫРҒАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕККЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ- САД "БАЛДЫРҒАН" СЕЛА МАКИНКА ПРИ  ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

30.01.2017

Тақырыбы: «Біз көңілді баламыз»

Мақсаты:Балалардың дене мүшелерінің сұлулығын

қалыптастыру.Қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту.Оларды

жылдамдыққа,шапшаңдыққа,ептілікке,төзімділікке үйрету.

Қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру.                
Көрнекіқұралдар:  доп, секіргіш, гимнастикалықскамеика,асықтар,
Жүргізуші:
Спорт дегеназанда,
Алады да тұрғызып

Еріншектік аз  онда,

 Бастайдыойынбірқызық.
 Аязда да тоңбайсың,
 Ыстыққа да күймейсің,
 Сергектіктіқолдайсың,
Жалқаулықтысүймейсің,
Бақытсененқашпайды,
Өнербілгенпайдалы,
Спорт соныңайғағыдейотырып ,   Бүгінгібалабақшамыздаортаңғы тобыныңарасындаөткеліотырған , «Бізкөңілді баламыз» аттысайысымызға  қошкелдіңіздер!

Балалар сендер денсаулық туралы өлең білесіңдер ме? Балалардың жауаптары.

Ұлан :

Денсаулық- ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан,

 Жүйке тамыр жүйесі.

Аружан :

Денсаулық- ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Фариза:

Дос бол сабын сумен сен,

Жиі-жиі жуын сен.

Таңертең де кешке де,

Жуын күндіз түсте де.

Сабина:

Спорт- көркі өмірдің,

Спорт-досың серігің.

Жаттықсаң шымыр боласың,

Шынығып өсіп толарсың.

Тазша бала:Сәлеметсіңдер ме балалар !

-Сендер мында неге жиналдыңдар?

-Мына жерде не болып жатыр?

Мен доп ойнап жүріп сендердің дауыстарыңды естідім.

-Балалар сендер спортпен шұғылданасыңдар ма?

-Сендер денсаулыққа байланысты жұмбақтар  білесіңдер ме?

-Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер тауып  аяқтаңдар.

Кішкене ғана тостаған

  1.Жер дүниені бастаған.(көз)

Тұра қалсам алдына,

  2.Жалтыраған ақ айдын,

Өзімді-өзім мен мына,

Көре аламын ап-айқын.(айна)

3.Үш тілі тақылдап,

Жаңылмайтын ақылды-ақ.(сағат)

4. Сүрткен киімі тазарып

Өзі қалды тым арып(сабын)

Тәрбиеші:Ал енді тазша қонағымызға өнерімізді көрсетейік.

Ол бізге ойындар алып келіпті екі топқа бөлініп ойынымызды  бастайық.

1.«Шашылған доптарды жинау»

Ойын шарты:балалар екі топқа бөлініп шашылып жатқан доптарды 

екі топтан бір-бірден шығып әуен арқылы  себетке жинайды.

2.«Арқан тарту».

Ойын шарты:Арқанның екі ұшынан екі топқа бөлініп ұстап әуен арқылытартулары.Қай топ белгіленген

сызықтан аспаса сол топ жеңімпаз болады.

3.«Кім жылдам»

Ойын шарты:Бірінші

ойыншы қолына кубикті алып,жүгіру арқылы белгіленген орыннан айналып келіп,екінші

ойыншыға кубикті береді.Ойын ары қарай жалғасады.Қай топ ойыншылары бірінші

аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

4.«Жылан сияқты  өту»

Ойын шарты:Ойыншылар

алдарына қатарластырып қойылған кегілдердің арасынан тепе-теңдікті сақтап өтіп,өз

тобына жүгіріп келіп екінші ойыншыға қол соғады.

5. «Кедергіден өту»Ойыншылар алдарына қатарластырып қойылған шығырықтардың

арасынан өтіп,доғалдың астымен еңбектеп өтіп белгіленген орыннан айналып келіп

екінші ойыншыға қол соғады.

Ал енді балалар демалып алайық.

Сергіту сәтін жасау.

Жүргізуші:Тазша сізге біздің балалардың сайысы ұнады ма?

Тазша:Әрине!

Жас кезімді есіме түсіріп бір жасарып қалдым.

Жүргізуші:Ал ендеше Тазша қонағымызды шығарып салайық.

-Ал енді қонағымызға не деп айтамыз?

Жүргізуші:

Жарқын шаттық заман болсын,

Бүлдіршіндер аман болсын,

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

Осымен «Біз көңілді баламыз»атты сайысымыз аяқталды

.Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

 

 

 

 

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст