"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ    "БАЛДЫРҒАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕККЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ- САД "БАЛДЫРҒАН" СЕЛА МАКИНКА ПРИ  ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

07.03.2017

«Бізге – 10 жыл!»

 

Бала деген – болашағы даланың

Бала деген қуанышы ананың

Егер бала тәрбие алса данадан

Биік шыңы адалдықтын, сананың

                      М.А. Шакирова

Жылы да, ашық сезімдерді тудыратын, қөңіл – күйді көтеретін жақсы атаулар болады.

Сондай атау Макинка ауылында 2006 жылы ашылған балабақшада да бар.

Ол – «Балдырған».Балабақша 60 орынға есептелген және 3 топ қызмет атқарады.

Бұл балабақша 10 жыл бұрын қызметін бастаған кезде, ауланы көгалдандыру бойынша, асхана, кір жуатын бөлме,

топтар мен жатын бөлмелер бойынша көптеген жумыстар аяқталмайтындай болып көрінген еді.

Балабақша – ол баланың өміріндегі жаңа жолға бастар алғашқы қадам.

Сол алғашқы қадамды жасауға көмек көрсетіп журген адамдар жайлы айтпай кетпеске болмайды.

Жылы жүзділік, педагогикалық талант,

шыдамдылық пен ақылдықтың барлығы тәрбиеші мамандығының негізі болып табылады.

Тәрбиешілер балаларға қоршаған

ортаның тылсым сырларымен, мәдени және рухани құндылықтарымен таныстырып, қоршаған

ортаны ұнатып, сақтау қажет екенін үйретеді.

Әр түрлі жастағы топтарда

көптеген жылдар бойы тәрбиешілер – Н.П. Гайдукевич, О.Н. Моисеенко, М.А.

Шакирова, Б. Жексембай, психолог С.У. Ташмагамбетова, жас мамандар А.Д.

Красноусова мен Г.М. Ризванова қызмет атқарады.

Сонымен қатар, оларға

тәрбиешілердің көмекшілері – Л.Г. Скорнякова, Р.М. Шакирова, С.Н. Сухомлинова

көмек көрсетіп жүреді.

Музыкаға деген қызығушылығын

танытып, ән айтуға үйретіп, тәрбиешілерге ертеңгілік өткізуге көмектесіп

жүретін Г.С. Нұрханова – музыкалық жетекші қызметін атқаруда.

Медбике Г.Е. Абдашимова,

балалардың дұрыс тамақтануы мен денсаулығын қадағалап тұрады.

Азпазшы – Л. Вишнева және С.

Гольцер балаларды тәтті және пайдалы астармен тамақтандырады.

Кезекті жөндеу жұмыстары еш

ескертусіз өтіп, қажетті азық түлектердің уақытылы жеткізілуін қадағалайтын

шарауашылық меңгерушісі – Е.Н. Скорнякова жауапты болып саналады.

Балабақшада кір жуушы машинист

Ж. Кұрмашеваның  арқасында әрқашан

орамалдар мен төсек орындар таза болып тұрады.

Барлық бірлескен ұжымды

менгеруші Э.А. Баяшева басқарады.

Қызметкерлерді балабақшаның 10

жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Барлығына, балаларды тәрбиелеуде – шығармашылық

табыс, денсаулық, бақыт, белсенділік, отбасыларында береке болсын деп тілеймін!

 

 «Балдырған» балабақшасының Әдіскері  А.Т. Кенжебаева

Еңбекшілдер ауданы

Макинка ауылы.

 

Просмотров: 638


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст