ПРОГРАММА семинара - практикума
«Интеллектуальное развитие дошкольников через логико-математические игры».
30 марта 2017 год
Сабақтың тақырыбы: Су өмірдің нәрі.
Сабақтың мақсаты:Судыңадамөміріндегімаңыздылығынтүсіндіру. Сабақтың міндеттері: - 1.Ойлау , есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
2.Өз беттерінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру;
3.Топта бірлесіп жұмыс жасау.Суды үнемдеуге баулу. Судыңтабиғаттағыорнынтүсіндіреотырып, табиғаттысүюге, қамқорлықжасауғатәрбиелеу.
Алдын - ала жұмыс:
Қандай суды ішуге болмайды?
Қандай суды ішуге болады?
Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Көрнекілік: табиғат суреттері, сарқырама,слайд.
тәжірибе жұмысына арналған заттар; су құятын стакан, сүт, шекер,бояу,тұз,қар,мұз,қайнаған
су.Билингвалдық компонентер:Су – вода,табиғат – природа,мұз – лед,қар – снег
Көктем – весна,қатты – твердый,жұмсақ – мягкий,ериді – тает
1.Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңберін» құру. Балалар біріне – бірі
сабаққа жақсы көңіл күй тілейді. Алақанды ашайық.
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылу шуақты
Бір-бірімізге сыйлайық.
Добрый утро всем нам,
Добрый утро всем гостям.(Қонақтармен екі тілде амандасу)
Қайырлы таң балалар, бүгінгі күндеріңе сәттілік
тілеймін. Орындарына отырғызу.
2. Жаңа сабақ.
Тәрбиеші: балалар, мен жұмбақ жасырайын сендер шешіп көріңдерші.
Жұмбақ
Жылт –жылт еткен, Тіршіліктің нәрі,
Жылғадан өткен. (су) Тазалықтың нәрі. (су)
Иә балалар сендер өте дұрыс таптыңдар.Ендеше бүгінгі біздің өтетін
сабағымыз су туралы.Балаларға су туралы қысқаша түсінік беру.
-Қазір жылдың қандай мезгілі?
-Көктем мезгілінің неше айы бар?
Көктем мезгілінің үш айы бар.Наурыз,Сәуір,Мамыр.
- Балалар, су не үшін қажет?
- Үйде су болмаса не істейміз? (Қайдан аламыз?)
- Судың қандай түрлері бар?
- Мұз, қар, жаңбыр, бұршақ.
-Қар ерігенде қандай күйге айналады?
-Үйде суды бос ағызуға бола ма?
-Суды үнемдеудің қандай жолдарын білесің?
-Сусыз жер бетінде өсімдік өсе ме?
-Сусыз жан- жануар тіршілік ете ала ма?
Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Сендер білесіңдер ме?
Су қайдан, қалай пайда болатынын?
Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.
Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге
түседі, арық болып ағып, өзендіқұрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу
болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбырболып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан
кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.
Тәрбиеші: - Балалар, атамыз қазақ судың қадірін
бұрыннан білген екен. Сол себептен де су жайлы мақал – мәтелдер көп екен.
Мақалдар не жайлы айтады екен талдап көрейік.
Мақал- мәтелдер
1.Судың тазасы- дерттің қазасы.
- су таза болса, кез – келгенаурауға ем
боладыекен. Мысалы, балалар, таңертеңтаңғыастанбұрын 1 стакан су
ішсеңкүнібойғыішкенасыңбойыңасіңіп, сергекжүредіекенсің.
2.Судың да сұрауы бар.
- Бұлжерде суды үнемсізпайдаланса, судың да
таусылатыныжайлыайтылады. Су
алатынорындыластауғаболмайды. Құдыққа лас заттардылақтыруғаболмайды.
3.Су анасы-бұлақ.
- Нағыз таза, мөлдір су бұлақтанағадыекен
(суретінкөрсету). Бұлақтыңкөзі (су ағары) бітеліпжатсатазартып, аршыпқоюқажет.
- Балалар, судыңаққанынкөрдіңдерме?
(Үйдегікраннанаққан су, бұлақтанаққан су, өзен,
теңіз, мұхитсуларыныңағысынсуреттенкөрсету).
- Бәрекелді балалар, ендеше сендер осы судың қасиеттеріне тәжірибе жүзінде
көз жеткізгілерің келе ме?
- Ия.
Судың қасиеттерімен білу үшін тәжірбие жасайтын жерге барайық.
Тәжірибеге кіріспес бұрын мұқият қарап алайық
бізге қандай заттар керек екенін.
1-тәжірибе: «Су мөлдір»
Үстелдің үстінде екі шыны ыдыс тұрады.
Екі ыдыста да қасық салып, қайсысынан көрінетінін,
қайсысынан көрінбейтінін бақылайды (суы бар ыдыстан қасықты көруге болады,
ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді)
2- тәжірибе: «Суда дәм жоқ»
Енді осы алдарыңдағы суға қантты салып көріңдер. Суды былғап ішіп көріңдер.
Қандай дәм пайда болды?
3-тәжірибе: «Судың иісі жоқ»
Судың иісінің жоқ екенін сезінеді.
Стакандарыңа пиязды салыңдар. Стакандарыңдағы
суды иіскеп көріңдер. Иіс пайда болды ма?
4 - тәжірибе: «Бу бұл да су»
Судың тағы бір қасиетін көрсету үшін
қайнаған суы бар шайнекті алу керек. Одан шыққан буды
көру үшін оны ашып көрсету керек.
Бу да су екенін дәлелдеу үшін буға айнаны ұстап,
одан су тамшылары кері аққанын балаларға көрсету керек.
Сергіту сәті:
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың
Тазалықтың досы ,
Су деген осы.
4-тәжірибе: «Су сұйық- сондықтан ағады»
Стакандағы суды екінші бос стаканғатөкпей-шашпай құюды ұсынамыз.
Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық.
Егер ол сұйық болмаса ақпайды.
5 -тәжірибе: «Судың түсі өзгереді»
Алдарыңда бояулар тұр, сол бояудың бір түсін суға қосып көріңдер.Судың түсі өзгерді ме?
6 - тәжірибе: «Суда кейбір заттар ериді, кейбір заттар ерімейді»
Суы бар екі стакан алып біреуіне күріш салып, қасықпен араластырып көреді.
Күріш еріді ме?
Екінші стаканға қантты саламыз, не өзгерді? Қай стакандағы еріді?
Біз қантты шайға күнделікті қосамыз, егер ол суда ерімесе онда адамдар тәтті шай ішпес еді.
7 - тәжірибе: «Су сіңгіш»
Топырақ салынған ыдысқа графиндегі суды құямын.
Су сіңді ме? Құмға және топыраққа су жақсы сіңеді.
(тәжірибе соңында сулы майлықпен қолымызды сүртеміз).
Қортындылау:
Балалар сендерге бүгінгісабағымыз ұнады ма?
Сендер бүгін не туралы өттіңдер?
-Судың түсі қандай?
-Суға қандай затты салса ериді?
-Ал қандай затты салса ерімеиді?
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: судың пайдасын, маңыздылығы туралы ақпаратты
Түсінеді: судың түсін, түрін, пішінін.
Үйрену керек: суды күнделікті өмірде қолдануын және табиғатты қорғауын.