"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ    "БАЛДЫРҒАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕККЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ- САД "БАЛДЫРҒАН" СЕЛА МАКИНКА ПРИ  ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Воспитательный час "Менің тұңғыш президентім". Подготовила и провела: воспитатель Курмашева Ж.К.

30.11.2021

 

Тақырыбы: «Менің тұңғыш Президентім!»

Мақсаты: Болашақ  ұрпаққа  Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру. Тұңғыш Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор боп білуге тәрбиелеу.

 

 
 

Тәриеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі тәрбие сабағымыз Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.

 Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.

Әнұран айтылады.

Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

 

Балалар «Отаным» әнін тыңдайды.

Тәрбиеші:

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы.Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.

Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

 

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.

 «Қазақстан» әні.

 

  • Балалар, қазір мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер маған жауап беріңдер. Жақсы, келістік пе?
  • Иә!
  •  Сұрақтар:
  • 1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
  • 2. Біздің Елбасымыз кім?
  • 3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
  • 4. Біздің тіліміз қандай?
  • 5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?

(Балалар сұрақтарға жауап береді).

 

Нұрсұлтанға рух берген - кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
 

Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.

  • Балалар, бүгінгі сабағымызды «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Тәрбиеші: Балалар, Елбасы күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 220


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст