"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ    "БАЛДЫРҒАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕККЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ- САД "БАЛДЫРҒАН" СЕЛА МАКИНКА ПРИ  ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Открытое занятие "Құммен тәжірбие жасау". Подготовила и провела: воспитатель группы "Құлыншақ" Шакирова Меруерт Аманжүровна

24.11.2022

/public/files/2022/11/24/241122_092017_opyty-s-peskom.pdf

Мақсаты:  Қоршаған ортаның жансыз табиғаты жайлы білімдерін қалыптастыру Сенсорлық қабілеттерін арттыру. Ойын, тәжірбие арқылы құмның физикалық қасиеттерін игере білуге мүмкіндік жасау.

Жылулық шеңбері

Қайырлы күн! Көк аспан!

Қайырлы күн! Жер ана!

Қайырлы күн! Достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар,  мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер жауабын тауып көріңдерші!

Тастан пайда болады,

Ұсақталып қалады

Сары, қызыл, ақ болып

Кейде күрең болады

Одан үйді саламыз,

Одан пішін оямыз!

Кейде шұңқыр жасап ап

Заттарды тығып қоямыз!

                                      (Құм)

Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз құм әлеміне саяхатқа барамыз

Құм әлемінде барлығы тыныш, достық қарым қатынаста ойнау керек. Вы помните правила поведения в ней?

Дети все вместе повторяют правила поведения в стране Песка:

Здесь нельзя кусаться, драться!
И нельзя песком кидаться!
Можно строить и творить:
Горы, реки и моря –

Чтобы жизнь вокруг была!
Никого не обижать,
Ничего не разорять!
Песок – мирная страна…
Каждому из нас дана!

 

Жарайсыңдар, Құммен қалай ойнау қажет екенін, оның ережесін біледі екенсіңдер! Құммен ойнаған соң, міндетті түрде қолды жуу қажет екенін де ұмытпаймыз!

         Балалар, құммен кішігірім тәжірбие жасап көреміз бе? ?

-  Сендер құм қайдан пайда болатынын білесіңдер ме??

-  Құмның қандай түрлері болады?

- Құмның құрамы неден тұрады?

- Құм қандай қасиеттерге ие?

- Құм ауыр ма, әлде жеңіл ме?

         Қазір біз барлығын тәжірибе жасай отырып біле аламыз

  1. Тәжірбие

«Құм қайдан пайда болады?»

Мақсаты:  Табиғатта құм қайдан алынатынын зерттеу

Материал: тас, ақ қағаз,  лупа.

Барысы: Қағаздың үстіне 2 тасты бір біріне соғу арқылы құм шығару

         Қалай ойлайсыңдар не шашылып жатыр? Лупа арқылы қарау. Құмды біз қандай жолмен алдық? Табиғатта ұүм қайдан пайда болады?

Нәтижесі: Жел мен су тастарды үгетеді, нәтижесінде құм пайда болады!.

  1. тәжірбие

Құм неден құралған?

МақсатыҚұмның құрамын зерттеу

Материал: құм салынған стакан, ақ парақ қағаз, лупа, қасық

Барысы: Балалар, құмды ақ парақ қағазға қасық арқылы шашады, лупамен қарайды.

         Құм неден құралған?  (ұсақ тастар мен құмшалардан) Құмшалар бір біріне ұқсайды ма?.

Нәтижесі: Құм бір біріне жабыспайтын ұсақ құмшалардан құралады

       3- Тәжірбие

«Құрғақ құм себіледі»

Мақсаты: Балаларды құмның қасиетімен таныстыру

Материал:  құм салғыш, құрғақ құм, қалыптар

Барысы:  Құрғақ құмнан сақина жасау. Сақина жасалынбады, шашылып қалды. Неліктен?

Нәтижесі: : Құрғақ құм сепкіш болып келеді

  1. тәжірбие

«Дымқыл құм сепкіш п, әлде жоқ па?»

Мақсаты: Балаларды құмның қасиетімен таныстыру

Материал: құм, воронка, ақ парақ қағаз

Барысы: Воронка арқылы құрғақ құмды өткіземіз , келесі дымқыл құмды өткіземіз. Нені байқадық?

Нәтижесі: құрғақ құм өте сепкіш, сондықтан ол воронкадан тез өтті, ал дымқыл құм воронкадан өтпеді, өйткені ол бір біріне жабысып қалды

Сергіту сәті

Балалар, қане біз ағашпыз деп елестетейікші! Жел болған кезде ағаштар не істейді? Қозғалады

Желдің дауысы

(Қолдарын жоғары созып теңселеді)

Ал енді біз құмбыз деп есептейік! Жел болғанда құм не істейді? (ұшады)

Желдің дауысы

Балалар залды айнала жүгіреді

Жарайсыңдар балалар, кішкене демалған сияқтымыз, тәжірбиемізді жалғастырайық

  1. тәжірбие

Су қайда кетті?

Мақсаты: Құм суды сініңріп алатынын балаларға жеткізе білу

Материал: Құрғақ құммен, су

Барысы: Құм салынған ыдысқа су құямыз! Құм қандай болды? Су қайда кетті?

Нәтижесі: Суды құм өзіне сіңіріп алды да, бір реңке түсін өзгертті

  1. тәжірбие

Құм ауыр ма, жеңіл ме?

Материал:  2 стакана су, тас, құм

Барысы: Бір стақанға тас саламыз, екінші стақанға құм саламыз№ Құм судың түбіне қалай түсті ал тас ше?

Нәтижесі: Тас құмға қарағанда ауырлау

  1. тәжірбие

Құмнан жабыстырамыз

Материал: Дымқыл құм салынған ыдыс

Барысы: Дымқыл құмнан сақина жасаймыз да оны кепкенше қоямыз  Біздің жасаған сақинамызға не болды?

Нәтижесі: Из Дымқыл құмнан әр түрлі заттарды жабыстыруға болады, ал ол кепкен кезде шашылып қалады

Рефлексия

Тәжірбие барысында біз не білдік?

  • Құм қайдан пайда болады  (Құм тастан пайда болады)
  • Тастар ненің себебіне үгітіледі? (Желдің және судың)
  • Құм неден құралған ? (Құм ұсақ құмшалардан құралған)
  • Құм қандай қасиеттерге ие?  (Құм сепкіш, жеңіл, суды тез сіңіріп алады, дымқыл құмнан әр түрлі заттар жасауға болады)

 

Жарайсыңдар балалар!

 

Просмотров: 736


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст