"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ    "БАЛДЫРҒАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕККЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ- САД "БАЛДЫРҒАН" СЕЛА МАКИНКА ПРИ  ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

07.03.2017

Тәрбиеші мен ата-ана.

Адамның қоғамдық өмірі балабақшадан басталады.Сондықтан да балабақша

тәрбиешілерімен қалыптасқан қоғамдық қатынастардың негізі, баланың ары қарай

дамуының анықтаушысы болып табылады.

Әр ата-ана балабақшада өзінің баласына  жақсы болса, ол жыламаса және үйді сағынбаса

екен, ашушан балалар болмаса екен, оны ренжітпесе екен, тәрбиешісі жақсы болса

екен деп қалайды.

Тәрбиеші мен таныса отырып,олардың балалармен жұмыс жасауға құлшынысын,

олардың  мінезін бағалаудан басқа, өздеріңізде

оларға қысым көрсетпеуге тырысу қажет.

Ата- аналар мен тәрбиешілердің арасындағы қатынас, бірлесе жұмыс жасауға

құлшынысы баланың балабақшаға келуінің тиімділігі деп білуге болады.Әрі кетсе

ата- аналар «ол тәрбиешілердің жұмысы деп» -тәрбиешілермен бірлесе жұмыс

жасағысы келмейді.

Ата аналарға, өздерінің балаларының топта өздерін қалай ойнайтының,

құрдастарынан қалыспай қарапайым талаптарды орындай алатының,алмайтының білгені

маңызды. Ата-ана сонымен қатар қай жағынан көмек қажет және үйде балаға қай жерде

түзетулер қажет екенін білу керек. Көп жағдайда 

педагогтар ата- аналармен әрқашан ақпараттарды бөлісуге дайын тұрады.

Өкінішті бірақ ата-аналарға бұл кей жағдайды қызықты болмайды. Отбасы мен

топтардағы талаптар біріқғай, біркелкі болған жағдайда ғана, балабақшаның

көмегімен баланың толық қалыптасуы сәтті болмақ.

Балабақшаның өмірінен мысал келтірсек:

Тәрбиеші-балаларға өздерінің арттарынан ойыншықтарды өздері жинау қажет

екенін үйретеді. Ал анасы болса өз кезінде балаға «қалдыраса сал, кейін өзім жинаймын»

десе, бала балабақшада да өзін солай ұстайтын болады және « маған анам

солай  рұқсат етті»- дейді.

Жалпы топтан жағымсыз қылығымен бөлінбеуі баланың бейімделуінің өте маңызды

көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар балалардың бірінғай тәрбиеленуі үшін

ешқандай шара қолданбаймыз.

Әрине әр бала топта өзінше бөлінуіне құқығы әбден бар. Мысалға біреулер

билей  алса, біреулер ән айта алады,

біреулер сурет сала алса, біреулер бәрінен бұрын киіне алады. Әрине тәрбиеші әр

баланы  бөліп жармайды.

Ата аналарды сабақ, баланың үлгерілі деген нәрселер қызықтырмайды. Қөбіне

ата аналарды балалары тамақ ішті ме, барлығын тауысты ма дәретханаға барды ма,

неше рет барды деген жағдайларғана қызықтырады.

Ең бірінші баланың үлгеріміне, жаңа білімі мен жетістіктеріне мән

беріңіз.Көрсетілген нәтижесі үшін мадақтаңыз. Балабақшадағы сабақта ән жаттады

және оны сізге айтып берді-өте жақсы;

Топта балаңыздың салған суреті немесе жапсырудан жасаған бейнесі тұр-

қараңыз; балаңыздың жұмысы болса, оның шығармашылығына қызығушылық танытыңыз.

Ата-аналар тәрбиешілердің кеңесіне құлақ асып, қеңестерін бақылауын және

тілектерін тындап жүрулері қажет.

Тәрбиешілерге сеніп, көбірек қатынас жасауға тырысыңыздар. Барлығын

ақылдасып жасасақ, міндетті түрде  жақсы

нәтиже болады. Жаңа әлемде адасып қалмайтын жақсы, сенімді адамдарды

тәрбиелейміз деген үмітте боламыз.

  «Балдырған» балабақшасының Меңгеруші  Э.А.Баяшева

Еңбекшілдер ауданы Макинка ауылы.

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст