"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ    "БАЛДЫРҒАН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕККЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ- САД "БАЛДЫРҒАН" СЕЛА МАКИНКА ПРИ  ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама. Тақырыбы: «Тәрбиеленушілердің денсаулық сақтауы және ынталандыруы бойынша менің тәжірбиемдегі жұмыс жүйесі»

23.11.2022

1-слайд

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап, "Дені сау бала еліміздің болашағы" деген ұстанымды басшылыққа алып келеді.
         Қазақстан республикасының президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру мақсатында көптеген іс-шаралар жоспарлап, оны іске асыру үшін жағдайлар жасалуға көп көңіл бөліп отырады.

         2-слайд     

Сонымен қатар ҚР -ның   2010 жылғы N 354-IV  "Бала құқығы туралы" заңының 3 тарауында арнайы балалардың денсаулыққа құқығына назар аударған. Аталған тарау ішіндегі  8 бапта балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру және балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдауы жайлы айтылғанын атап өтпеске болмайды.

         Еліміздің болашағын өркендетер болашақ азаматтардың денсаулықтарының мықты болуына және осы аталғандарды себепке ала отырып,  мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығына өте көп көңіл бөлуіміз қажет.

         3-слайд

Денсаулық  дегеніміз - аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психологиялық және физикалық сәттілігінің негізі.

         4-слайд

Баланың денсаулығы – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады.

         Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті мәселе. Бала денсаулығы басты мақсат болғандықтан баланың денсаулығын нығайту, жетілдіру үшін аянбай еңбек ету керек. Әрқашан жан – жақты ізденісте болып, баланың мінез - құлығына аса назар аудару керек. Балалардың бойы әрдайым шынығып тұруы керек.

         5-слайд

         Әйгілі орыс дәрігері М.Мудров "денсаулықты сақтау үшін, ал бәрінен бұрын аурудың алдын алу үшін қимыл жаттығуларынан асқан еш нәрсе жоқ" деген екен. Сол себепті бала оқу үрдісінде қанша отырып жұмыс істесе, соншалықты қозғалыста болуы қажет.

         6-слайд

         Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша адам денсаулығының  52%-ы оның өмір сүру тәртібі мен жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. ҚР-ның оқушыларын дәрігерлік тексеруден өткізген нәтижесі бойынша 44,8%-ы балалардың ауру екендігі, олардың ішінде 35%- ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетеді.  

         Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Сол себептен балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.

         7- слайд

Қазіргі уақытта «технология» ұғымына бастапқы затты түрлендіріп күтілген параметрлерді алу үшін қажетті әдістердің жиынтығы деп түсінік береді.

         8-слайд

Денсаулық сақтау технологияларында күтілетін параметрге адамның (бала, жасөспірім, ересек адам) физикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайының сәтті болуы жатады.

         Ал педагогикалық технологиялар күтілген параметрлерге жетуді жеңілдететін біршама талаптарға жауап береді. Технологиялардың негізгі ерекшелігі соңғы нәтижені алдын - ала болжай алады.

         9-слайд

Денсаулық сақтау технологиясының негізгі үш түрі бар.

  1. Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиясы
  2. Салауатты өмір салтына оқыту технологиясы
  3. Түзету технологиясы

10-11 слайд

Өзімнің тәжірбиеме денсаулық сақтау және ынталандыру технологиясын енгізу үшін жоспар құрдым және оны жүзеге асыруды мақсат етіп отырмын

Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиясын енгізу жоспары

 

Жұмыс түрі

Өткізетін уақыты

1

Жоспар құру

Қыркүйек

2

Технология бойынша әдістемелік жинақтар мен материалдар жинау

Қыркүйек-қазан

3

Картотекалар даярлау

Қараша

4

Перспективтік жоспарға,

Циклограммаға енгізу

Ағымдағы жылда

5

Жоспар циклограмма бойынша жұмыс жасау

Жыл бойы

6

Курстарға бару

Ағымдағы жылда

7

Бұқаралық ақпарат көздеріне, аудандық облыстық газеттерге, «Бала және балабақша», «Балабақша және отбасы» журналдарына мақала жіберу

Ағымдағы жылда

8

Тәжірбиемен алмасу

Ағымдағы жылда

9

Ата-аналармен жұмыс

 

 

Спорттық ойын сауық өткізу

 

Қаңтар

Ата-аналар жиналысын өткізу

Ағымдағы жылда

Стенд және буклеттар даярлау

Кеңестер беру

Жыл бойы

Ашық есік күнін өткізу

Қазан

10

Педагогтармен жұмыс

 

 

Дөңгелек үстел, педагогикалық кеңес, семинарларда кеңестер беріп, баяндамалар оқып, презентациялар даярлау

Ағымдағы жылда

 

12 слайд

Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиясы келесідей түрлерге бөлінеді

  • Ырғақты пластика
  • Қимылды спорттық ойындар
  • Саусақ жаттығулары
  • Демалу жаттығулары
  • Релаксация
  • Көзге арналған жаттығулар
  • Сергіту жаттығулары
  • Стретчинг

13-14 слайд

Бұл бөлімдерді келесідей кезеңдерге бөлдім

Технологияны өткізу кезеңі

Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиясынын пайдалану

1

Таңғы жаттығу

Ырғақты пластика

2

Оқу іс-әрекетінің алдында

Релаксация

3

Оқу іс-әрекеті

 

 

Денсаулық

Қимылды спорттық ойындар

Саусақ жаттығулары

Демалу жаттығулары

Көзге арналған жаттығулар

Сергіту жаттығулары

Стречинг

Релаксация

Қатынас

Таным

Шығармашылық

Әлеуметтікорта

Саусақ жаттығулары

Релаксация

Көзге арналған жаттығулар

Сергіту жаттығулары

4

Серуен кезі

Қимылды ойындар және спорттық ойындар,

Демалу жаттығулары

Релаксация                

5

Серуенне соң

Қимылды ойындар

6

Ұйықтар алдында

Релаксация

Көзге арналған жаттығулар

Саусақ жаттығулары

7

Ұйқыдан соң

Релаксация

Ырғақты пластика

8

Вариативті сабақ кезінде

Саусақ жаттығулары

Релаксация

Көзге арналған жаттығулар

Сергіту жаттығулары

9

Сабақтан соң

Қимылды ойындар және спорттық ойындар,

Демалу жаттығулары

Релаксация

Көзге арналған жаттығулар

Сергіту жаттығулары

 

         15- слайд

Ырғақты пластика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы. Ырғақты пластикада балалардың дене жүктемесінің көркемдік құндылығына, шамасына және оның бала жасының көрсеткіштеріне, өлшемдестігіне назар аудару керек. Ырғақты пластика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы - пластикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да ырғақты пластика бүкіл спорттың негізін қалайды. Ырғақты пластика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырып, тірек –қимыл аппараттарын, тыныс –жүрек-қан тамырлар жүйесін жақсартып, дұрыс сымбаттың қалыптасуына, музыкалық сезімін дамытуға жағдай жасайды.

         16-17 слайд

Қимылды және спорттық ойындар. Бұл ойындар баланың жасына, ойындар өткізілетін орын мен уақытқа сәйкес іріктеледі. Қимылды ойындар мен спорттық ойындардың айрықша бағалылығы балалардың жалпы қимылының жетіле түсетіндігінде. Олар сондай-ақ балалардың жан-жақты өсіп жетілуінде үлкен рөл атқарады. Бала өзінің тең құрбылары арасында өзін олармен тең сезінуі тиіс. Қимылдарды және спорттық ойындарды орындау батылдық, ептілік, тапқырлық, сенімділік сезімін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орын алуға көмектеседі. Қимылды және спорттық ойындардың процесінде балалар кеңістікті бағдарлауды тез үйренеді.

         Балаларды тәрбиелеуде қимылды ойындарды ойдағыдай пайдаланудың бірінші шарты - тәрбиеші жұмыс істейтін жас ерекшеліктері бар топта белгілі бір бағдарламалық міндетті білу, ойынның мазмұнын, ережесін балаларға анық айтып беру, ойындағы қимылдарды дәл де айқын орындау үшін тәрбиеші ойналатын ойындарды жақсы білуге міндетті. Таныс емес ойынды қатты зер салып түсініп алып, оймен ойнап көру керек, тек содан кейін ғана балаларға ұсынған жөн. Сонымен қатар қай ойынды қайда: үй ішінде немесе далада ма, өткізу қажет деген мәселені алдын ала ойластырған жөн.

         18-слайд

Саусақ жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

         Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді.         Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет. Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

         19- слайд

Демалу жаттығуы Тыныс алу- бұл өмір. Тамақсыз бірнеше күн, жұма шыдап жүруге болады, ал ауасыз тек бірнеше минут. Ауа арқылы адам дамиды, аурулардан босайды, дені сау, тұлға қалыптасады. Адам жүру, жүгіру кезінде дұрыс дем алу керек екенін есте сақтау керек. Ауыз арқылы дем алу, миға әкелетін ауаның 20%-ын тежейді. Суық жыл мезгілдерінде тыныс алу мүшелерінің ауруларына әкеледі. Сондықтан да, түрлі жаттығулар мен әдістер арқылы, дұрыс дем алуын үйрену қажет. Бұл жаттығулардың лайықтығы, арнайы жағдайлар, киімдер, арнайы орын қажет етілмейді. Демалу жаттығуы әр-түрлі шынықтыру, сауықтыру жұмыстары кезінде жүргізіледі. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілеттерін арттырады. Тыныс алу жаттығуларының негізгі құралы - ағзаның тыныштық қалпында орындалатын және қозғалыста орындалатын жаттығулар болмақ.

         Мектепке дейінгі ұйым балаларына К.П. Бутейко, М.И. Фонарева, Б.С. Толмачева, Т.Ф. Виноградова, С.М. Иванов, А.А. Бирюк, А.Н. Стрельникованың демалу жаттығуларын орындатуға болады.

Демалудың түрлері:

20- слайд

Біркелкі дем алу

Қиындығы: төмен.

Қашан орындау керек: кез келген уақытта және әсіресе ұйқы алдында.

Техника: Мұрын арқылы дем алып, ішіңізден 4-ке дейін санаңыз. Дем шығарып, қайта 4-ке дейін санаңыз. Осы темпты ұстанып, біраз уақыт жаттығу жасаңыз.

Құрсақпен дем алу

Қиындығы: төмен.

Қашан орындау керек: кез келген стресті сәтте.

Техника: Бір қолды кеудеңізге, екінші қолыңызды ішіңізге қойыңыз. Мұрын арқылы терең дем алып, кеудеңізді түзулетіңіз. Минутына 6-10 терең дем алыңыз, жаттығуды 10 минут жалғастырыңыз.

Мұрынмен кезек дем алу

Қиындығы: орташа.

Қашан орындау керек: сергіп, ойды тиянақтау керек кездері.

Техника: Өзіңізге ыңғайлы қылып отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең дем алыңыз. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен дем шығарыңыз. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастырыңыз.

Әркелкі дем алу

Қиындығы: жоғары.

Қашан орындау керек: оянғаннан кейін, сергу мақсатында.

Техника: Терең асықпай дем алыңыз, артынан іштің көмегімен тез, бір сәтте демді шығарыңыз. 10 рет қайталаңыз.

         21 слайд

Релаксация - бұл технологияны ең бірінші зерттеп, өз қызметінде қолданғандар американдық психофизиолог Р.Д.Джейкобсон және неміс невропотологы  И.Г. Шульц.

         Релаксация латынша (relahatio-тынығу,босаңсу) - толық және бұлшық еттің кейбір бөліктерінің босаңсуымен байланысты тыныштық жағдайы.

         22 слайд

Релаксация жаттығуларының түрлі әдістері бар. Ең кең тараған түрі бұлшық еттің ширығуы мен  босаңсуына негізделген  бұлшық ет релаксациясы. Келесі түрі аутогендік жаттығу немесе аутотренинг, яғни босаңсу. Үшінші түрі, әдейі таңдалған әуенді және мәтінді тыңдау арқылы басқа адамның әсерімен қол жеткізілетін босаңсу түрі. Релаксациялық жаттығулар балабақшада туындайтын жүйкелік-психикалық мазасызданудың алдын алуға, қиялдауына, өзіне деген сенімін қалыптастыруына дамуына жағдай жасайды.

         Релаксацияны барлық топта, кез келген ыңғайлы бөлмеде өткізуге болады. Релаксация технологиясының қарқындығын, мақсатын  балалардың жағдайына байланысты анықтап, қолданады.

         Релаксацияны қолданатын кездер:

- таңғы ас алдында,

- серуен кезінде,

- серуеннен кейін,

- оқу-іс әрекет кезінде,

- күндізгі ұйқы алдында,

- күндізгі ұйқыдан кейін

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде

         23-слайд

Көзге арналған жаттығу - Алдын-алу жаттығулары баланың көру аппаратын жақсарту үшін және де түрлі көз ауруларының пайда болу жолдарын жояды. Күнделікті қоршаған ортадан қабылданған мәліметтерден, көз шаршап қызарады, осыдан түрлі көз аурулары пайда болады. Сондықтан да, көз гигиенасын сақтап, жаттығулар орындап отыру қажет. Берілген жаттығулар қарапайым және көп уақыт алмайды. Жаттығуларды дұрыс орындау, өте маңызды. Қозғалыстар бірдей болуы қажет, және дұрыс дем алуға көңіл бөлінуі қажет. Мұндай ұсақ кемшіліктерге көңіл аударған жағдайда, жасалған жаттығулар тиімді болады. Осы жаттығулардың бәрін, ойын түрінде көрсетуге болады.

            Төменде берілген жаттығу (бұл йогтар жаттығулары да, У.Г. Бейтс пен М.Д. Корбеттің жаттығулары да) өте қарапайым және көп уақытты қажет етпейді. Дегенмен, ... алдымен жаттығулардың мазмұнын мұқият оқып шығыңыздар. Егер қимылдарымыз бір қалыпты болу керек деп жазылса, бұл – өте маңызды. Тыныс алу жөнінде ұсыныстар болса, оларға да мән берген жөн. Бұл «ұсақ-түйектер» туралы ұмытпаған жөн, сонда жаттығулар өте тиімді болады.

24- слайд

«Мұрынмен жазу» жаттығуы

Мақсаты: Мойын шаршағанда көзге қанның келуі бәсендейді, сондықтан көзді және мойынды жаттықтыруға арналған.

Орындалу тәртібі: Бұл жаттығуды тұрып, жатып та орындауға болады, бірақ отырып жасаған жақсы.  

Шарты: Бойды еркін ұстап, көзді жұмып, мұрнның ұшы – жазатын қалам деп елестету қажет. Енді өзіңіздің қаламмен ауада жаза бастаңыз. Не жазатыныңыз маңызды емес. Әр түрлі сөздер, қала атауларын, сүйікті адамыңызға арнап кішірек хат. Бала кезіңізде салған үйдің суретін, немесе шеңбер, төртбұрыштарды салыңыз. Бұл жаттығуды кез келген уақытта жасауға болады.

         25-26 слайд

Сергіту жаттығулары  Баланың ойынға деген қажетін ескермей оны бірден ой еңбегіне көшіруге болмайды. Дер кезінде өткізілген сергіту жаттығулары баланың денсаулығына оң әсерін тигізеді, нерв жүйесі мен бұлшық еттің физиологиялық күш- қуатын жақсартып, сабақты тез игеруге көмектеседі. 

         Сергіту жаттығулары баланың жұмысқа қабілеттігін арттырып, шаршауды ысырады. Қимыл- қозғалыс арқылы жаттаған тақпақ баланың ойында тез жатталып, көпке дейін естерінде сақтайды.

         Сергіту жаттығулары кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етіп, мінез- құлық әдеттерін бекітуге әсер етеді.

         Ал, сабақ тақырыбының мазмұнына лайық сергіту жаттығулары оқушыларды сергітумен қатар, сөйлем мағынасын жете түсінуге көмектесіп, олардың ойлау қабілетін жетілдіре түседі.

         Сергіту сәттерінің басты міндеттері:

• Саналы түрде қимыл- қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне нақтылы ықпал ету жолдарына үйрету.

• Таныс жаттығуларды күрделендіріп, жаңа жаттығуларды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту. 

• Дене жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене бітімін қалыптастырып, қимыл -қозғалыс мәдениетін, қабілетін жетілдіру.

• Дене жаттығулармен өз беттерімен еркін шұғылдандыру жағдай жасап, ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптстыру.

         27 слайд

Стретчинг ағылшынның «stretching» - сөзінен аударғанда «созу» деген мағана береді. Стретчинг – бұл қол-аяқтарды, белгілі бір бұлшық ет топтарын, буындар мен кеуденің сіңірлерін созуға арналған жаттығулар кешені. Стретчинг бүкіл ағзаға жағымды әсер етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан бұл жаттығудың түрі сауықтыру жаттығу кешені құрамына немесе өздік жаттығу ретінде кең қолданылады.

         28 слайд

Стретчинг активті, пассивті, динамикалық, балистикалық және статикалық болады.

29-слайд

  • Стретчингтің активті жүйесі дегеніміз – адамның өз денесімен өздігімен созылмалы жаттығулармен айналысуы.
  • Стретчингтің пассивті жүйесі дегеніміз – айналысатын адам қозғалмай жатады, ал екінші адам оған жаттығуларды жасап тұрады.
  • Стретчингтің балистикалық жүйесі өзінің айналмалы әрекеттерімен орын алады. Сол арқылы бір іс-әрекет екінші іс-әрекетке білдіртпей көше береді.
  • Стретчингтің статикалық жүйесі бір жаттығудың көп уақыт бойы созылуы. Басқа жүйелерге қарағанда, бұл түрі ыңғайлы әрі зақымсыз болып келеді.

Егер сіздің балаларыныз стретчингпен айналасатын болса, мынаны ескеруіңіз қажет – жаттығулардан шығатын қорытынды тек өзінің денесіне ғана тән болады. Стретчингепен айналысушыларға, ең басты шарты – ол жаттығуларды тастамай уақытында жасап тұру және оған тырысу керек.

Стретчинг жаттығулары:

Стретчинг – жас шамасына қарамайтын және майысу қабілеттілігін арттыратын, барлығына өте керек әрі пайдасы мол созылу жаттығулары. Жақсы нәтижелерге жету үшін сіз күнделікті жасайтын жаттығулар қатарына үлкен топ жаттығуларды біртіндеп те немесе өз қалауыңыз бойынша таңдап та жасауыңызға болады.

         Әрқашанда тек мүмкіндігінше ғана созылыңыз. Жаттығу кезінде өзіңізді жағымды әрі еркін сезінуіңіз керек. Егер ауруды сезінсеңіз – онда жаттығулар жасағанда шектен тыс созып жібергеніңіз.

- Ешқашан жиырылмаңыз, бірақ жаттығуды «кідіртіп» тұрыңыз.

         Басқа аэробикалық жаттығулар және жүруден шаршаған кезде осы  созылу жаттығуларын жасаған жөн. 

- Созылмалы жаттығуларын жасап жатқанда дұрыс демалуды ұмытпаңыз. Ең бастысы – дем алуды және дем шығаруды көпке созбаңыз. Ең дұрыс әдісі қарапайым және еркін түрде дем алып, жаттығулар арасындағы үзілісте дем алу мен дем шығаруды терең жасауға болады.

         30-слайд

         Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі.

         Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары  кешенді де жүйелі  жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.

         31 слайд

 

Просмотров: 594


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст